«Ата-аналар қауымын мектепті мемлекеттік-қоғамдық басқаруға қосу» ата-аналар қауымдастығы кеңесінің отырысы
Бүгінгі күні Қазақстанда қалыптасқан жаңа экономикалық болмыс білім беру жүйесі алдына жаңа мақсаттар мен міндеттерді қояды, оның іске асырылуы ата-аналар қауымының ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылынсыз мүмкін емес.
2018 жылдың 6 ақпан күні Өскемен қаласының білім беру бөлімінде білім беру бөлімі басшысының орынбасары Д.С. Журавлевтің қатысуымен ата-аналар қауымдастығының қалалық кеңес отырысы болып өтті. Отырыс дөңгелек үстел үлгісінде өтіп, оған қала мектептері мен балабақшаларындағы Ата-аналар қауымының кеңес мүшелері қатысты.
Білім беру бөлімі басшысының орынбасары Д.С. Журавлев қатысушыларды отрыстың күн тәртібімен таныстырып, «Ата-аналар қауымын мектепті мемлекеттік-қоғамдық басқаруға Қамқоршылық кеңестерінің қызметі арқылы қосу туралы» мәселесін баяндады. «Балалықты және отбасын қолдау орталығы» КМҚК директоры Л.П. Куземко ата-аналардың қалалық конференциясын ұйымдастыру және өткізу туралы айтты. Сөз сөйлеушілер білім беру ұйымдарының өміріне, балалар мен жасөспірімдерді қоғамдық тәрбиелеу рөлін нығайту және арттыруға белсенді қатысу үшін ата-аналар қауымын тарту қажеттілігіне назар аударды.
Сонымен қатар білім беру бөлімі жанындағы ата-аналар қауымдастығы кеңесінің 2018-2019 жылдарға арналған жұмыс жоспары қабылданып, бекітілді.
Іс-шара соңында қорытындылар мен ұсыныстар жасалды.