Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

1 – Наурыз «Алғыс айту» күніне арналған мерекелік шаралар

Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебінде 1 – Наурыз «Алғыс айту» күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. Мектепте 2018 жылдың 01 – 26 ақпан күндері байланысты «Ме ктебіме мың алғыс» атты гүлдер акциясы жарияланды. Акцияға ата – аналар белсене қатысып, жасалған гүлдер мектеп дәліздеріне орналастырылды. Мерекеге байланысты    1 – 4 сыныптар арасында «Тек қана жылулық сыйлаңыз», «Шын жүректен біз сізге алғыс айтамыз» тақырыптарында сурет көремесі ұйымдастырылып,  дәл осы күндері 5 – 6 сынып оқушылары үшін «Менің мейірімді қалам», «Мейірімді қалама мың алғыс», «Менің қалам Өскемен» тақырыптарында шығарма және авторлық өлеңдер арнау сайысы өткізілді. Сайыс қортындысы бойынша сынып ішінен ең жақсы жұмыстар таңдап алынды. 1 – Наурыз мереке күні 7 – 8 сынып оқушылары «Ұстазыма алғысымыз шексіз» тақырыбында акция ұйымдастырды. Акция барысында оқушылар мектеп ұстаздарына таза жүректерінен шыққан ақ тілектері бар ашық хаттар сыйлады. Бұл акция ұстаздарымызға қатты ұнап көңіл – күйлері бір сергіп қалды. Мерекеге орай  9 – 11  сынып оқушылары «Досыңа алғыс жолда» атты интернет акция өткізді. Оқушылар бұл акцияда инстаграм жекелей прақшалары арқылы бір – бірлеріне алғыс айтып достық мейірімділіктерін білдірді. Сонымен қатар 1 – 11 сынып жетекшілері «Алғысымыз шексіз», «Алғыстың шегі жоқ» тақырыптарында сынып сағаттарын өткізіп, мөлтек ауданында тұратын қарттарды мерекемен құттықтады. Мектебіміздің «Адал ұрпақ» тобы «Сіз кімге алғыс айтқыңыз келеді?» тақырыбында оқушылар мен ұстаздар  арсында блиц сұрақ – жауап өткізді. Жүргізілген сұрақ – жауап нәтижесі бойынша оқушыларымыз ең көп алғысты ата – аналарымен мектебіміздің ұстаздарына арнады.

Қалалық «Қайырымдылық» акциясы бойынша 1 – Наурыз «Алғыс айту» мерекесіне байланысты қаламыздың орталық әмбебап сауда үйінде орналасқан аз қамтылған және мұқтаж азаматтар үшін қайырымдылық заттарды жинау жәшігіне киімдер салынды және «Колос» сауда үйінде орналасқан мұқтаж жандарға көмек көрсету «Ізгілік сөресі»  азық – түлікпен толықтырылды. 

«Алғыс айту» мерекесі ата – әжелерімізге «Шын жүректен алғыс айтамыз» атты мерекелік концертпен ұласты. Мерекелік концертті тамашалаған ата – әжелеріміз өз алғыстарын білдірді.