Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

 «Білім берудің жаңа мазмұны оқушы біліміне тиімді ме?» тақырыбында пікірталас өтті

20178  жылдың  1 наурызында   Өскемен  қаласы әкімдігінің  «№ 11 мектеп-лицейі» КММ қалалық шығармашылық топ мүшелерінің ұйымдастыруымен «Білім берудің жаңа мазмұны оқушы біліміне тиімді ме?» тақырыбында қала мұғалімдері арасында пікірталас өткізілді. Пкірталасқа қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. 

  ҚББ әдіскері З.С.Скакова өз алғысөзінде шараның мақсатына тоқталып өтті. Пікірталасты жүргізуші Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 32 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, шығармашылық топтың жетекшісі А. М. Каженова пікірталасқа қатысушы екі топ пен сарапшы топ өкілдерін ортаға шақырып, пікірталастың форматымен (Карл Поппер әдісі)  және оның жүру тәртібімен таныстырды. 

«Жебе» тобындағы  Н.Б. Шигерова «№ 19 орта мектебі» ҚББМО,  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Б.Б. Баянбаев «№ 2 орта мектебі» КММ,  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, А. А.Магауиянова «№ 27 орта мектебі» КММ,  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және «Алдаспан» тобына жасақталған Б.Ш.Муканов «№ 27 орта мектебі» КММ,  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, А.С. Чажаева «№ 39 орта мектебі» КММ,  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, А.С.Турабаева «№ 30 орта мектебі» КММ,  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі пікірталас тақырыбы негізіндегі маңызды сұрақтар бойынша өз ойларын дәлелді, нақты жеткізумен қатар, бір-біріне бағыттаған сұрақтарға ұтымды жауап бере білді. Пікірталас берілген уақыт шеңберінде қызу өтті.

         Сарапшыларға берілген дайындық уақытында  Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 39 орта мектеп» КММ,  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.С. Меирманова пікірталасты тамашалап отырған көрермендермен  «Тосын сый» әдісі бойынша кері байланыс орнатты.

         Өз кезегінде сөз алған сарапшылар тобының мүшелері: ҚББ әдіскері З. С. Скакова, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері К.С. Кабзолова мен А.С. Кабылова пікірсайысқа жоғары баға беріп, спикерлер тарапынан берілген ақпараттар мен мәліметтердің маңыздылығын нақты тоқталып өтті.

Сондай-ақ, тыңдаушылар арасынан сөз алған мұғалімдер    пікірталастың жоғары деңгейде өткендігі туралы пікірлерін ортаға салды.