Баспасөз-хабарлама «Отбасында және қоғамда тәрбиелік ортаны қалыптастыру: білім беру үрдісіне қатысушылардың көзқарасы мен ұстанымы» қалалық ата-аналар конференциясын өткізу
Өткізу күні, уақыты: 31 наурыз 2018 жыл, сағат 11.00-де.
Өткізу орны: «М. Әуезов атындағы № 17 орта мектебі» КММ
Қатысушылар саны: 360 ата-аналар, 46 директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, 3 шақырылғандар.
Қатысушылар: Қамқоршылық кеңесінің, білім беру ұйымдарындағы ата-аналар комитеттерінің төрағалары, директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдар өкілдері, БАҚ.
Ата-аналар конференциясының барысында қатысушылармен келесі мәселелер талқыланатын болады:
-«Білім беру мазмұнын жаңарту – өскелең ұрпақтың құзіреттілігін қалыптастырудағы сапалық серпін»
-«Жас ұрпақты сапалы білім берумен қамтамасыз ету мәселесінде мектеп және ата-аналар қауымының ынтымақтастығын нығайту бойынша Ата-аналар қауымының қалалық кеңесінің қызметі»
«Отбасылық-құқықтық және өзге де әлеуметтік жанжалдарды шешу кезіндегі медиациялық технологиялар»;
-«Балалар мен жасөспірімдердің жұмыспен қамтылуы мен бос уақыты - кәмелетке толмағандардың табысты болашағы»;
-«Оқушылар отбасын әлеуметтік сүйемелдеу мәселесі және шағын аудандарда ӘПҚ жұмысын ұйымдастыру» және басқа.
Жиналыс өткізу барысында ата-аналар үшін қоғамдық қабылдау жұмысы және қосымша білім беру ұйымдарымен ұсынылатын қызметтердің көрме - таныстырылымы ұйымдастырылады.
Қалалық ата-аналар конференциясының қорытындысы бойынша ата-аналар қауымы мен жалпы білім беретін мектептерге бірлескен қызметті ұйымдастыру бойынша ұсыныстар беріліп, тәрбие бағдарламасын жүзеге асырудың жаңа үлгілері ұсынылатын болады.
26-89-06 телефоны арқылы қосымша ақпарат алуға болады.