Тілдік пәндер мұғалімдерінің арасында өткен қалалық сайыс
29 наурыз күні № 34 мектеп –лицейінде «2015-2019 жылдарға арналған Үштілділік білім берудің Кешенді жоспарын» және қалалық «Полиглот» жобасын жүзеге асыру мақсатында қала мектептерінің қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндері мұғалімдерінің арасында өткен қалалық сайыс өтті.
Сайыс кезеңдері:
1-кезең: Қала мектептерінде 2017-2018 оқу жылында Үштілділік білім берудің Кешенді жоспарын» және қалалық «Полиглот» жоспарын жүзеге асыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға сараптама жасау.
2-кезең: «Жағдаят» туғызу, берілген жағдаятқа байланысты тапсырмалармен жұмыс жасау;
3-кезең: Мәтінмен жұмыс, арнайы берілген мәтінді үш тілде ұсыну.
Сайысқа 32 қала мектебінен 102 ұстаз қатысып, өз шеберліктерін көрсетті. Сайыс өте жоғары дәрежеде өтті. Жүлделі орындар мен алғыс хаттар табыс етілді.