«Үш тілді білу – өз игілігіңнің бастамасы» атты қалалық кездесу өтті
Мемлекетіміздің тіл туралы заңын жүзеге асыру, үштілділікті дәріптеу мақсатында 4 сәуірде 2018 ж. Өскемен қаласы әкімдігінің «Абай атындағы № 33 орта мектебі» КММ-де «Үш тілді білу – өз игілігіңнің бастамасы» атты қалалық кездесу өткізілді.
Аталған іс-шараға қалалық білім беру бөлімінің қазақ тілі пәнінің әдіскері Скакова Зульфира Сатыбалдина, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің әдіскері Жондыбаева Мадина Серикболовна арнайы қатысты.
Үштілділікті дәріптеуге бағытталған іс-шара өнерпаз оқушылардың бірнеше тілде дайындаған концерттік бағдарламасымен салтанатты түрде ашылып, соңы 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен өткен «Полиглот» сайысына ұласты.
Сайыс барысында үш тілді жақсы меңгерген оқушылар түрлі тапсырмалар орындап, нәтижесінде «Лингвисты» тобы 1-орынды, «Тіл ұландары» тобы 2-орынды, «Сlever» тобы 3-орынды иеленді.