Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Облыстық тәжірибе алмасу семинар – кеңесі

20 сәуір 2018 жылы «Өскемен қаласы әкімдігінің №9 «Арман» балабақша-бөбекжайы» КҚМК мектепке дейінгі мекемеде «Үштұғырлы тіл» бағдарламасын жүзеге асыру барысында  «Тіл дамыту жұмыстары арқылы балалардың  шығармашылық  және  коммуникативтік қабілеттерін дамыту»  тақырыбындағы балабақша тәрбиешілеріне арналған облыстық тәжірибе алмасу семинар – кеңесі болып өтті.

Кеңеске облыстың 50 балабақша педагогтары (тәрбиешілер, әдіскерлер)  және облыстық Білім басқармасының, «Шығыс» өңірлік орталығының, қалалық Білім бөлімінің мамандары қатысты.

Сондай-ақ семинар - кеңес барысында балабақша бөбектерінің ән-би шашулары, балабақша жас мамандарының «Сырғалым» би ансамблі, балабақша педагогтарының ән-ұраны шырқалды.  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында балабақша бөбектеріне арналған бұрыштың салтанатты түрде ашылуы, балабақшаның педагогтарының тәрбиеленушілермен өткізетін 4 ашық ұйымдастырылған оқу-қызметтері, үйірме жұмыстары көрсетіліп, балабақшаның тәжірибесі облыстың мектепке дейінгі мамандарына әдістемелік нұсқау-кеңес кітапшасы  ретінде таратылды. Семинар-кеңесті қорытындылау барысында үздік жұмыс көрсеткен бірқатар балабақша педагогтары облыстық «Шығыс» өңірлік орталығының  Алғыс хаттарымен, қалалық Білім бөлімінің Мадақтамаларымен марапатталып, қатысушыларға Сертификаттар табыс етілді.

«Өскемен қаласы әкімдігінің №9 «Арман» балабақша-бөбекжайы» КҚМК 80 адам қызмет етеді, оның 41 педагогтар. Балабақша-бөбекжайдың басшысы Айгүл Қадылбекқызы Қырықбаеваның ұйымдастыруымен өткен семинар-кеңес жоғары деңгейде өткені жайлы келген қонақтар пікір айтып, балабақша ұжымына шығармашылық табыс тіледі.