Өскемен қаласында ата-аналар Кеңесінің отырысы өтті
28.10.2016 жылы Өскемен қаласының білім беру бөлімінде қаланың ата-аналар Кеңесінің отрысы өткізілді. Отырысқа, Өскемен қаласының білім беру бөлімінің басшысы М.М.Ахметова, білім беру бөлімінің басшысының орынбасары, ата-аналар комитетінің төрайымы және білім беру бөлімінің мамандары қатысты.
Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
2016-2017 оқу жылының жоспарын бекіту, Кеңестің ережесі мен құрамын ұсыну;
Білім беру ұйымының жұмысының жүйесі туралы, Өскемен қаласының білім беру бөлімінің басшысы М.М.Ахметованың сөзі.
Күн тәртібіндегі қойылған сұрақтар бойынша, ата-аналар қоғамының төрайымы М.М.Ахметова сөз сөйледі.
«№30 Жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің ата-аналар комитетінің төрайымы Ю.В.Соколова, білім беру ұйымдарына жөндеу жұмыстары үшін бөлінген бюджеттік қаражаттары туралы сұрақтар қойды.
Берілген сұрақ бойынша, білім беру бөлімінің басшысы М.М.Ахметова түсініктеме берді.
Бұдан әрі, білім беру бөлімдерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша сұрақтар қойылды. Кейбір сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын ұйымдастырушы ата-аналар деп, ата-аналар Кеңесінің қоғамы атап өтті. Әлеуметтік тұрғыдан осал топтардың ата-аналарының мүмкіндігін белсенді ата-аналар ескермейді.
Келесі «№33 орта мектебі» КММ-нің ата-аналар комитетінің төрайымы Бөкей Толғанай, мектеп формасы туралы сұрақ қойды. Ол барлық білім беру ұйымдарында бірыңғай мектеп формасы болсын деп, ұсыным ұсынды, себебі бір мектептен басқа мектепке орналасу үшін ата-аналар жаңа форма алуға қосымша қаржы -қаражаттар жұмсауға мәжбүр болады деп айтты. ҚР Ғылым және Білім Министрлігінің бұйрығын басшылыққа ала отырып, бұл сұрақ әр түрлі деңгейлерде талқыланды деп, білім беру бөлімінің басшысы М.М.Ахметова түсіндірді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Алтын дән» КММ Балабақша ата-аналар комитетінің төрайымы Н.Е.Байрахметова, балабақша педагогтарына алғысын айтып, қалада мүмкіндігі шектеулі балалар санының өсуіне байланысты мектепке дейінгі ұйымдарда түзету топтарын ашу қажеттілігі туралы айтты.
«№45 Болашақ балабақша-бөбекжайы» КМҚМ ата-аналар комитетінің төрайымы А.А.Мыржақып, ағылшын тілін үйрету сағаты қысқартылсын, себебі мемлекеттік тілді үйрену сапасы төмендеп барады. Асель Алмабековнаны ата-аналар Кеңесінің мүшелерінің көпшілігі қолдады.
Білім беру бөлімінің басшысы М.М.Ахметова, қала мектептерінде ата-аналар арасында сауалнама жүргізуді ұсынды. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.