Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Қош бол, балабақша!»

Сен үйреттің сөйлеуді,

Сенде ойым есейді.

Мектепке барам мен енді,

Балабақшам қош енді – демекші,  Өскемен қаласы әкімдігінің «№100балабақша-бөбекжайы» КМҚК  2018 жылғы 30 мамырда балабақшамен қоштасу ертеңгілігін  өткізді.

Ертеңгілік өте қызықты және көңілді, тартымды  өтті. Балалардың жүздерінен шат көңіл де, сонымен қатар мұңаю да  байқалды.

Шат көңіл дейтініміз  мерекеге балалардың  көңіл -күйін көтеруде ертегі кейіпкерлері қатысты, балалар ән айтып, би биледі. Осындай көңіл- күй  ата-аналардың да  жүздерінен байқалған сияқты.Жас түлектер үйренген өнерлерін ортаға салып, ән айтып, балабақшада үйренген тақпақтарын айтып, әр түрлі билер орындап, бүкіл ата-аналардың, балабақша қызметкерлерінің де көңілінен шықты. Балабақша директоры Блинова Вера Михайловна мен әдіскер Ауганбаева Шынар Ромашевна балаларды құттықтап, балабақшаның қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқан ата-аналарды алғыс хатпен мадақтады.

Мереке соңында  балалардың ата-аналары ізгі тілектерін білдіріп, ақ батасын беріп, балабақша тәрбиенушілері жайдарлы көңіл күймен, қуанышпен, қимастықпен, болашаққа деген үлкен арманмен, балабақшамен қоштасты. Тәрбиеленушілерімізге  болашақта тек қана ақ жол!!!