Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Жазғы мектеп лагерінің ашылуы туралы

Өскеменде мектеп ішіндегі жазғы лагерьлердің ашылуымен қатар құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің қауіпсіздік ережелерін оқыту бойынша бірлескен белсенді жұмыстары басталды. 30.05.02018ж Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы мен «Шығыс өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесі» ММ су-құтқару станцияларының базасында мастер-класстар және жас ұрпақты су объектілерінде жүріс-тұрыс тәртібіне үйрету, қауіпсіздік техникасы бойынша викториналар, ормандағы төтенше жағдайлар, өрт кезіндегі іс-шараларға үйрету сабақтары өтті. Іс-шараға «№29 ҚБМО» КММ – 50 бала және  «№38 орта мектебі» КММ – 20 баласы қатысты.

Жазғы демалыстарда балалардың арасында қауіпті ойын-сауық түрлері көбейеді – су обьектілерінде жүзуден бастап орманды жерлердегі отты пикниктерге дейін. Сондықтан, балалар құтқарушыларға барған соң, өз өмірлерін басқалай бағалап, қауіпті жағдайларды болдырмайтын және олардың пайда болуы жағдайында, ТЖ өз өмірі мен денсаулығын құтқарып, басқаларға көмектесуді үйренді. Өскемен қаласының өрт сөндірушілері мен құтқарушылары және ШӨАЖЖ су стансасының қызметкерлері жазғы кезеңде мектеп ішіндегі лагерьлердегі балаларға арналған профилактикалық шараларды өткізу дәстүрге айналды.