Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Балалар қорғау күніне орай мереке ұйымдастырылды

2018 жылдың 1 маусымында КМКҚ «№15 «Рахат» балабақша-бөбекжайында» Халықаралық Балалар қорғауц Күніне орай мереке ұйымдастырылды. Ертегілердің кейіпкерлері балаларды қарсы алып, ойын ойнатып, би билеп көңілдерін көтерді. Таңғы астан кейін бірінші және екінші сәбилерге арнайы өзгертілген «Бауырсақ» ертегі көрсетілді. Ортаңғы топтардың балалары үшін ертегі кейіпкерлері қызықты мерекелік шаралар ұйымдастырды.