Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Баспасөз-хабарлама «Алтын белгі» иегерлерін салтанатты марапатау рәсімі

   15.06.2018 сағат 15-00 Ертіс концертте «Алтын белгі» иегерлерін салтанатты марапатау рәсімі өткізіледі.

Шақырылғандар: облыстық және қалалық білім беру бөлімдерінің, білім беру ұйымдырының әкімшілігі, педагогтар, түлектер және ата-аналар.

Іс-шара туралы: Биылғы жыл түлектерінің ересектер өміріне аяқ басуы айрықша жыл, Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына тап келіп отыр. Бұл салтанатты рәсімде облыс пен қаланың ең үздік түлегі атағына лайықты түлектердің табысы аталап өтеді. 140 түлек ерекше үлгідегі аттестат пен «Алтын белгі» құрметті белгісін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов табыстайды. Дарынды жастарға ақ тілектерімен ата-аналармен педагогтар сөйлейді. Шара барысында құттықтау қойылымдармен қалалық  шығармашылық ұжымдар мен музыкалық және балалар өнер мектебінің өнерпаздары өнер көрсетті. Балалар ата аналарымен бірге өздерінің ардақты тілектерін айтып шарларды аспанға ұшырады. Кешті жастар флешмобына ауысатын вальс аяқтайды.