«Білімді ұлт – оқыту сапасы және отбасылық құндылықтар" тақырыбында Ұлттық ата-аналар жиналысы
2018 жылдың 15 мамыр күні қаланың 46 мектептерінде «Білімді ұлт – оқыту сапасы және отбасылық құндылықтар" тақырыбында Ұлттық ата-аналар жиналысы өткізілді. Ол жергілікті атқарушы орган, қоғам мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен "Рухани жаңғыру" Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру аясында және Халықаралық отбасы күніне орай өтті.
Жалпы мектептік ата-аналар жиналысының мақсаты - ата-аналарды мемлекеттік білім саясатының бағыттары, мектеп жетістіктері және мектепті басқарудағы мұғалімдер мен ата-аналардың күшін біріктіру жайында ақпараттандыру.
Қала мектептерінің әкімшіліктері мектеп жетістігіне, оқу жылының қорытындысына және мектептің білім сапасын арттыру бойынша жұмыс жүйесіне ерекше назар аудара отырып, ата-аналарды ҚР білім жүйесінің жетістіктері туралы ақпараттандырды. Оқу үрдісіне жаңартылған білім мазмұнын енгізу нәтижесі, білім саласындағы цифрландыру, мектептерде «Kundelik» автоматтандырылған жүйені енгізу мәселелері ата-аналарға ұсынылып, проблемалар баяндалды және ата-аналармен бірлесіп осы мәселелерді еңсеру жолдары айтылды.
Мектептің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жұмысына ерекше көңіл бөлінді. Мектеп әкімшілігі жұмыстың басты бағыттарын айта келіп, оларды жүзеге асыру бойынша жария есебін ұсынды. Ата-аналарды өткізілетін іс-шаралар жайлы ақпараттандыру олардың қызығушылығын арттыруға мүмкіндік берді.
Ұлттық ата-аналар жиналысында 11 мыңнан астам ата-ана қатысты.