Өрле, Қазақстан!!! Өскемен қаласының жалпы білім беретін мектептер мен ҚБҰ оқушылары қатысқан шеру туралы
2018 жылдың 1 маусымында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Өрле, Қазақстан» ұранымен балалар және жастар музыкалық ансамблдері мен оркестрлерінің шеруі өтті. Оған Өскемен қаласының 16 жалпы білім беретін мектептері және 7 қосымша білім беретін ұйымдары қатысты. 12 жастан асқан жалпы саны 3000 балалар мен жасөспірімдерден тұратын 28 баған болды.
Қаланың бас алаңында № 16, 20 мектептерінің, «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының жас инспекторлары, № 29 қосымша білім беретін мектеп-орталығының «Сұңқар» жас патриоттары сап түзеді. № 1, 3, 6, 13, 14, 16, 35, 43 мектептерінің, «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің «Мұрагер» ансамблдері домбырада ойнау шеберлігін көрсетті. Алаңда А. Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектептің хореографиялық ұжымы «Қазақстан – бақытты балалық шақ мекені» биін, № 19 қосымша білім беретін мектеп-орталығы «Гүлдер», № 37 мектебінің және № 15 балалар өнер мектебінің тәрбиеленушілері «Жазғы қиял» биін мың бұрала билесе, Оқушылар шығармашылық сарайының және № 4 орта мектебі кадет корпусының мажореттері барабан ырғағын келтіртірді.
Шеруге қатысу дәстүрге айналған, барлық балалар үшін бұл мереке жауапты іс-шара.
Балалар ортақ іспен айналыса отырып достасып, көпұлтты елімізде тұратын халықтың салт-дәстүрлері мен мәдениетін құрметтеп, бағалауды үйренеді. Шеруге қатысудың арқасында жас өскемендіктер «Мәнгілік Ел» жалпыұлттық идеялардың және «Рухани Жанғыру» Республикалық бағдарламасының үздік дәстүрлерімен тәрбиеленуде!





