Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«№29 қосымша білім беру мектеп орталығы» КММ «Жас құтқарушы» орталығының командасының Алматы облысы Талдықорған қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы өрт-құтқару спорты бойынша VIII Республикалық жарыстарға қатысуы туралы

Есеп

2018 жылдың 5-тамызынан 8-тамызына дейінгі аралықта Талдықорған қаласында жасөспірімдер арасындағы өрт-құтқару спорты бойынша VIII Республикалық жарыстар болып өтті.

Жарысқа Қазақстан Республикасының барлық аймақтарынан 16 команда қатысты. Екі күн бойы олар төрт тәртіп бойынша ең мықты команда атағына таласты.

Чемпионаттың бағдарламасына 100 метрлік жолақты жүгіріп өту, өрт эстафетасы, шабуылдау сатысымен жаттығу мұнарасының қабаттарына көтерілу, жаттығуды өрістету енгізілген.

Талдықорған қаласының «Жетісу» орталық стадионында  жасөспірімдер арасындағы өрт-құтқару спорты бойынша VIII Республикалық жазғы чемпионатының салтанатты жабылуы болды.

Чемпионаттың жабылуы барысында Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар спорты Республикалық Федерациясының директоры, бас төрешісі Даурен Данаев чемпионаттың қорытындысын шығарды. Ол өз сөзінде Қазақстандағы жасөспірімдер арасындағы өрт-құтқару спорты жаңа деңгейге жеткенін атап өтті. Спортшыларға өз шеберлігін көрсетуде ыстық ауа-райы да кедергі болмады. Бұл да сынақтың бір түрі.

VIII чемпионаттың нәтижелері бойынша келесі жалпы командалық орындар анықталды.

100 метрлік жолақта кедергілерден жүгіріп өту бойынша жүлделі орын алған командалар:

1-орын: Шығыс Қазақстан облысының командасы

2-орын: Маңғыстау облысының командасы

3-орын: Астана қаласының командасы

4х100 метр өрт эстафетасы бойынша жүлделі орын алған командалар:

1-орын: Астана қаласының командасы

2-орын: Шығыс Қазақстан облысының командасы

3-орын: Маңғыстау облысының командасы

Шабуылдау сатысымен жаттығу мұнарасының қабаттарына көтерілу бойынша жүлделі орын алған командалар:

1-орын: Шығыс Қазақстан облысының командасы

2-орын: Атырау облысының командасы

3-орын: Алматы облысының командасы

Мотопомпадан жаттығуды өрістету бойынша жүлделі орын алған командалар:

1-орын: Ақмола облысының командасы

2-орын: Алматы облысының командасы

3-орын: Шымкент қаласының командасы

VIII чемпионаттың нәтижелері бойынша келесі жалпы командалық орындар анықталды.

1-орын: Шығыс Қазақстан облысының командасы

2-орын: Шымкент қаласының командасы

3-орын: Маңғыстау облысының командасы

 

«№29ҚБМО» КММ
Жас құтқарушы орталығының басшы орынбасары Е.Шатурный