Республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қалалық кезеңі өтті
2018 жылдың 21 қыркүйекте ШҚӨГПО «Дарын» және қалалық әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес 1-7 сынып оқушыларына арналған республикалық«Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қалалық кезеңін өткізді.
Конкурс Өскемен қаласының «№17 орта мектеп» КММ базасында өткізілді.
Шараны өткізудің мақсаты – оқушылардың шығармашылық-зияткерлік әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру, оқушылардың зияткерлік шығармашылығын мектеп жасынан дамыту, оларды ғылыми зерттеу жұмыстарына тарту.
Оқушылардың ғылыми жобалары 8 секция бойынша өткізілді:
1) математика, информатика;
2) физика, техника;
3) қазақ тіліжәне әдебиеті;
4) орыс тілі және әдебиеті;
5) биология, химия;
6) валеология, экология;
7) тарих, өлкетану, этномәдениеттану;
8) психология, медицина.
«Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қалалық кезеңіне 45 мектептерден 369 жас зерттеушілер өз жұмыстарын ұсынды.
Білікті қазылар алқасының құрамында облыстың жетекші жоғарғы оқу орындарының ғалымдары, оқушылардың жобаларын ғылыми ойлауларына, зерттеу әдістерін қолданудағы нәтижелілігіне, тақырыпты ашу дәрежесіне, материалдарды көрсету сапасына, команда мүшелерінің үйлесімділігінің деңгейлеріне, шешендік шеберліктеріне, шығармашылық қабілеттеріне байланысты бағалады.
Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша 115 оқушы жеңімпаз атанды.
I дәрежелі дипломмен – 18, II дәрежелі – 38, III дәрежелі – 59 оқушы марапатталды.
Барлық жеңімпаздарды, олардың мұғалімдерін және ата-аналарды жеңістерімен құттықтаймыз!