Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Күз сыйы» байқауы өтті

Өскемен қаласы әкімдігінің «100 балабақша -бөбекжайы»КМҚК-нда

15.10.2018 ж.   «Күз сыйы» атты тақырыпта табиғи материалдан жасалған қолөнер туындыларынан байқауы өтті.

16.10 .2018 жылы  сайыс қорытындысы шығарылды. Бағалау барысында қазылар алқасы байқауға   ұсынылған жұмыстың тақырыпқа сай болуы бұйымда күзгі табиғи материалдардың қолданылуы, жасау шеберлігі, жаңашыл идеясы мен композицияға  назар аударылды.Соның ішінде барлық ережелерге, эстетикалық талғамға сай деп танылған №3 «Балдәурен» ересек тобы  мен №6«Күнбағыстар» бірінші сәбилер  топтарына  «Гранпри» жүлдесі берілді.

І орын- №2 «Ботақан» екінші сәбилер тобы  мен №2«Алтын сәуле»орта топтары иеленді. ІІ орын - №4 «Бүлдіршін» орта тобы  мен №3 «Негештер» екінші сәбилер топтарына берілді. ІІІ орын- № 1 «Балбөбек» бірінші сәбилер тобы  мен №5 «Білгіштер» ересек топтарына берілді.    Байқау қорытындысы бойынша  үздік деп танылған жұмыстың иегерлері арнайы мадақтау қағазымен марапатталды.