«Күз сыйы» атты қолөнер көрмесі
Күз! Берекелі күздің берері мен төгері мол мезгіл. Күз байлығын бағалап, түрлі тамаша бұйымдар жасауға болады.
Күз мерекесін атап өту қарсаңында «Өскемен қаласы әкімдігінің №1 «Балапан» балабақша – бөбекжайы» КМҚК – нда «Күз сыйы» атты қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Балалар ата – аналарымен бірге жасаған шығармашылық жұмыстарын мақтаныш сезіммен айта отыра, көрмедегі басқа да жұмыстарды тамашалап, қызығушылық танытты. Балалардың еңбегі мен ерекше ойлау қабілеттерін қазылар алқасы бағалады. Көрменің қорытындысы бойынша ерекше жұмыстарға мадақтамалар табысталды.