«Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында семинар өтті
Өскемен қаласы әкімдігінің «Ахмер орта мектебі» КММ 23.11.2018 күні «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында қала мектептерінің директорларына семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: Жаңартылған білім мазмұны жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жолдарын көрсету.
Семинарды қалалық білім бөлімінің әдіскері Кенжебаева А.Т. алғысөз сөйлеп, семинардың алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Бұдан соң оқушылар патриоттық мазмұндағы ән-шашуларын тарту етті.
Семинардың бірінші тәжірибелік бөлімінде химия- ағылшын тілінде «Экзотермиялық және эндотермиялық реакция» №4 зертханалық жұмыс-
8 «А» сыныбымен-А.Кайрканова; физика-ағылшын тілінде «Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әрекет коэффициенті» №11 практикалық жұмыс: Есептік және сапалы есептерді шешу-8 «В» сыныбымен- З.Хасен; биология- ағылшын тілінде«Строение и функции листа. Внутреннее строение листа. Устьица. Лист как специализированный орган фотосинтеза. Испарение воды и газообмен» -7«В» сыныбымен-И.Кенжебаева; кіріктірілген сабақ «Глагол. Почему так называются ветры», Nature science. Animals. Proceting nature»- 6 «Б» сыныбымен- В.Кулькина, А.Кешкилова; орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиетінен нәтиже сабақ«Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада»- 6 «Г» сыныбымен- Д.Торпакова сынды мұғалімдер ашық сабақтар өткізді.
Ашық сабақтардан соң семинар қонақтары семинардың екінші бөліміндегі «Жаңартылған білім беру – функционалдық сауаттылық негізі» атты орталық жұмыстарымен таныстырумен ұласты.
Мектеп директоры Кадирова Айгүл Чуленбаевна мектептің даму жоспарын таныстырды.Деңгейлік бағдарламалар идеяларын зерттеу жұмыстарымен, LS іс-әрекеттерін зерттеумен таныстырды."Синквейн" әдісі арқылы семинар қонақтарымен кері байланыс жасалды. Семинарға ата-аналар, қамқоршылық кеңесінің мүшелері қатысты.