«Код сағаты» акциясы
2018 жылғы желтоқсан айының 4-9 аралығында бүкіл елді біріктіретін «Код сағаты» өткізіл. Дүние жүзі сияқты Қазақстан мектептерінде де бұрын ешқашан болмаған, Сіздің IT және программалау жайлы ұғымыңызды өзгертерлік керемет сабақ жүруде.
Акцияның мақсаты: ақпараттық технологиялар мен программалау ісін барлығымыз да меңгере алатындығымызға, әр жас жеткіншек немесе тіпті жасы келген адам да өзін программа құрастырушы ретінде сезінуіне және идеясын нөлден бастап жүзеге асыра алуына сенім ұялатып, бүгінгі ең озық технологияны өзі жасауына ынталандыру.
Осы акцияға қосылып, табысты келешегіміздің іргетасын қалауда Өскемен қаласы әкімдігінің «А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» коммуналды мемлекеттік мекемесінің 3-ші және 6-шы сынып оқушыларына информатика пәні мұғалімдері Ж.Ш.Габитова және Г.С.Турсынбаева онлайн сабақтар өткізді. Онлайн сабақ қонақтары: Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігінің ШҚО бойынша кординаторлар А.Ткаченко және А.Танабаева, ШҚО ББ «Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы» КММ бөлім меңгерушісі Ю.В.Юрова, қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Н.Т. Капчикова қатысты. Бұл сабақ әр оқушыға өзінің бірінші кодын жазуға, бағдарламалау туралы бейне арқылы көріп, естуіне және технологияның біздің қоғамдағы бүгінгі рөлін талқылауларына мүмкіндік туғызды. Оқушылар интернет көмегімен кодтауды үйренді және әр деңгейден өткен сайын олардың қызығушылығы артқаны байқалды. Сабақтың соңында оқушыларға сертификаттар табысталды.