Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

 «Еліміздің еркіндігі -Тәуелсіздік» атты қалалық оқушылардың жыр сайысы

2018 жылдың 12 желтоқсан күні Өскемен қаласы әкімдігінің «Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебі» КММ Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздік   мерекесінің  27  жылдығына арналған «Еліміздің еркіндігі -Тәуелсіздік» атты дәстүрлі қалалық оқушылардың жыр сайысы өтті. Сайысқа қала мектептерінің 7-11 –сынып оқушылары қатысты. Іс-шара өз дәрежесінде, мазмұнды өтті.  Қатысушылардың барлығы да жүлделі орындарға ие болды.