«Жаңартылған білім беруге көшу – заман талабы» тақырыбындағы мектепішілік ата-аналар ашық есік күні
Өскемен қаласындағы «Ахмер орта мектебінде» 2018 жылдың желтоқсан айының 13-і күні мектеп директоры А.Ч.Кадирова ұйымдастыруымен жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша «Жаңартылған білім беруге көшу – заман талабы» тақырыбында бастауыш сынып ата-аналарына арналған ашық есік күні өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: ата-аналарды жаңартылған білім беру мазмұнымен таныстырып, мұғалім шеберліктерін көрсету.
Мектеп директоры А.К.Чуленбаевна ашық есік күнін салтанатты түрде ашты. Ашық есік күні арнайы үш тілде дайындалған сәлемдесумен басталды.
Бастауыш сынып мұғалімдері А.Қ.Иманкулова, Р.К.Бейсенгазина, Г.К.Нугуманова, С.М.Сарсекенова, Н.М.Дауленова, Ж.Т.Машаева, Ж.С.Сержанова, Д.Б.Дуанбекова, Н.М.Адилканова ашық сабақтар беріп, оқушылардың білімді шығармашылықпен қолдану дағдысын, функционалдық сауаттылығын дамытуда іс-тәжірибелерін көрсетті.
«Жаңартылған білім беру – функционалдық сауаттылық негізі» атты көрме жұмыстарымен танысып, пікір алмасты. Қатысушылар «Білім көзі 100 кітапта», «Тірі табиғат бұрышы», «Ұрпақтар сабақтастығы», «Шахмат патшалығы», «Буккросинг», «Рухани жаңғыру-заман талабы» атты орталықтарын аралады.
Қатысушылар іс-шара жоғарғы деңгейде өтті деген баға беріп, жаңа білім беру бағдарламасы шын мәнісінде жүзеге асып жатқандығы көңіл қуантарлық жағдай екендігі айтылды.