Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Өскемен қаласы «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ Комитеті өткізген  жаңа жылдық бал

Қала мектептері оқушыларын көркем шығармашылыққа және демалудың белсенді формаларына тарту, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы үшін және білім алушылардың эстетикалық ұмтылысына жағдай тудыру және білім алушылардың шығармашылық белсендігін дамыту мақсатында, 2018 жылғы 20 желтоқсанда Оқушылар шығармашылық сарайында  Өскемен қалалық «Жас Ұлан» ББЖҰ РҚБ комитеті көптен күткен іс-шара – дәстүрлі жаңа жыл балын өткізді,  балға қала мектептерінің ең үздік «жасұландықтары» қатысты.

Жаңа жыл балының қатысушылары - қала мектептерінен 2 үздік жас ұлан (1 ұл бала+1 қыз бала, 9-11 сынып оқушылар арасынан). Барлық жұптар келесі нәрселерді дайындаулары қажет:  жаңа жылдық костюмдер мультфильм кейіпкерлердің стилі сәйкес келуі қажет, сәлемдесу – мультфильмға пародия.

Сондай-ақ, іс-шараның бағдарламасы әр түрлі және қызықты сайыстармен:
«Сәлемдесу», «Полиглотика», би жарыс  «Мультфильм Диско», мерекелік дискотека өте қанық болды.

Қазылар алқасы ретінде жаңа жылдық бал шараға келесі қонақтар қатысты: «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты» Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағаның орынбасары Ш.Т. Мусабаева, бас маманы КММ «Жастар қорының орталығы» Өскемен қаласы әкімдігінің Алибеков Нурасыл,  С.Аманжолов атындағы ШҚМУ тәрбие жұмысы бөлімінің жетекшесі орынбасары Н.А.Аманжолова, Д.Серикбаев атындағы ШҚМТУ-ның педагог-хореограф Тимур Кожахметов, Оқушылар шығармашылық сарайы директорының орынбасары  Н.В. Руденко.

Үздік атағы үшін күрделі сайыс қорытындысында Жаңа жыл балының жеңімпаздары: №43 мектеп-лицейі оқушылары Мельтаев Айдар и Мұратханова Аружан.

Өскемен қаласының білім беру бөлімінен  жеңімпаздарға жаңа жылдық балға грамоталар және естелік сыйлықтар берілді.

Қатысушылардың жалпы саны 200-ден астам адам болды.