Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын  орналастыруға конкурс жариялау туралы

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 24 маусымдағы № 460 Қаулысымен бекітілген 2016-2019 жылдары білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына сәйкес, Өскемен қаласының білім бөлімі басшысының  2018 жылғы 25 желтоқсандағы № 362-П бұйрығының негізінде, Өскемен қаласының білім бөлімі 935 орынға орта білімге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс жариялайды.

Мемлекеттік мекемелерді және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда, меншік нысанына және типтері мен түрлеріне қарамастан басқа ұйымдар «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы
17 мамырдағы № 499 қаулысымен  бекітілген нормалар мен қағидаларды сақтау кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурсқа қатыса алады.  

Мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын орта білім беру  ұйымдарының тізімі конкурстық негізде комиссиямен анықталады. Өтінім тапсырған орта білім беру ұйымдары конкурсқа қатысуға жіберіледі.

Конкурс өткізу мерзімі: 26.12. 2018 ж.  -  06. 01. 2019 ж.

 

Конкурсқа қатысу үшін:

1) Осы Қағидаларға 12 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған  өтінішті;

2) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Заңының 24-тармағына сәйкес бекітілген нысан бойынша берілген бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру  қызметін жүргізуге құқық беретін лицензияның көшірмесі;

3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы; 

4)  жарғы көшірмесін;

5) екінші деңгейлі банктерден берілетін қарыздардың болмауы туралы анықтаманы (еркін нысанда);

6) «Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» 
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 622 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5446 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметті ұсыну қажет.

Конкурстық өтінімдерді қарастыру

Комиссия шешімдері отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерінің қарапайым көпшілігінің ашық дауыс беруі арқылы қабылданады және ол төраға қол қоятын хаттамамен рәсімделеді. Комиссия құрамының даусы тең болған жағдайда Комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.

Комиссия отырыс күнінен кейін 3 жұмыс күні ішінде орындар санын көрсете отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыратын орта білім беру ұйымдарының тібесін бекіту туралы шешім қабылдайды.

Орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім Өскемен қаласы білім бөлімінің http://oouk.vko.gov.kz интернет-ресурсында жарияланады.

Бұдан бұрын мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырған орта білім беру ұйымдары отырыс хаттамасына конкурссыз енгізіледі.

Өтініш салынған конверттер «Өскемен қаласының білім бөлімі» ММ-де 2019 жылғы 9 қаңтарда 16 сағат 00 минутта  № 16 кабинетте комиссиямен ашылады.

Конкурстық комиссия төрайымы Д. С. Журавлевтың атына өтініш және құжаттар салынған конвертті жұмыс күндері «Өскемен қаласының білім бөлімі» ММ, Қ. Кайсенов көшесі,  10А үй, № 16 кабинетке ұсыну қажет, байланыс  телефоны: 24-11-91.