Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Мектепке дейінгі жеке меншік ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізіледі

«Өскемен қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі; Шығыс Қазақстан облысы, 070004, Өскемен қаласы, Қасым Қайсенов көшесі, 10а, Өскемен қаласының мектепке дейінгі жеке меншік ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды.

Конкурсқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17- ші мауысымда № 499 қаулысымен, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің Үлгілік ережелерімен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен ережелерін сақтайтын мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша қызмет көрсететін барлық әлеуетті жабдықтаушылар жіберіледі.

Конвертке бекітілген конкурсқа қатысу үшін өтініштерді әлеуетті жабдықтаушылар Шығыс Қазақстан облысы, 070004, Өскемен қаласы, Қасым Қайсенов көшесі, 10а мекенжайында орналасқан «Өскемен қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі № 12 кабинетке тапсырады.

Комиссия қатысуға тапсырылған өтініштер салынған конверттерді ашады, конкурсқа қатысушыларды анықтайды, өтініштерді қарайды, мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін белгілейді және 30 күнтізбелік күн ішінде оны конкурсты ұйымдастырушыға бекіту үшін тапсырады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы білуге болады: 8 (7232) 77-00-24.

Мектепке дейінгі жеке меншік ұйымдарда конкурс тәсілімен мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша ұйымдастырушының уәкілетті өкілі «Өскемен қаласының білім беру бөлімі» ММ мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша бас маманы Айгүл Қайратқызы Ережепова , телефоны 8 (7232) 77-00-24.