Мектепке дейінгі жеке меншік ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізіледі
«Өскемен қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі; Шығыс Қазақстан облысы, 070004, Өскемен қаласы, Қасым Қайсенов көшесі, 10а, Өскемен қаласының мектепке дейінгі жеке меншік ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды.
Конкурсқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17- ші мауысымда № 499 қаулысымен, мектепке дейінгі білім беру ұйымдары қызметінің Үлгілік ережелерімен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің нормалары мен ережелерін сақтайтын мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша қызмет көрсететін барлық әлеуетті жабдықтаушылар жіберіледі.
Конвертке бекітілген конкурсқа қатысу үшін өтініштерді әлеуетті жабдықтаушылар Шығыс Қазақстан облысы, 070004, Өскемен қаласы, Қасым Қайсенов көшесі, 10а мекенжайында орналасқан «Өскемен қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі № 12 кабинетке тапсырады.
Комиссия қатысуға тапсырылған өтініштер салынған конверттерді ашады, конкурсқа қатысушыларды анықтайды, өтініштерді қарайды, мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін белгілейді және 30 күнтізбелік күн ішінде оны конкурсты ұйымдастырушыға бекіту үшін тапсырады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы білуге болады: 8 (7232) 77-00-24.
Мектепке дейінгі жеке меншік ұйымдарда конкурс тәсілімен мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша ұйымдастырушының уәкілетті өкілі «Өскемен қаласының білім беру бөлімі» ММ мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бойынша бас маманы Айгүл Қайратқызы Ережепова , телефоны 8 (7232) 77-00-24.
Мектепке дейінгі жеке білім беру ұйымдарында мемлекеттік
білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа қатысуға арналған құжаттар пакеті
1. Комиссия төрағасының атына өтініш;
2. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің (анықтама) көшірмесі, бизнес–сәйкестендіру нөмірі, жарғысы, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, банктерде қарызы жоқ екендігін растайтын анықтама, салық органдарының қарызы жоқ екендігін растайтын анықтамасы;
3. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымымен пайдаланылатын жылжымалы мүлікке (жеке меншік немесе жалға алынған) құқық беретін құжаттарының көшірмелері;
4. Медициналық кабинетке лицензиясының немесе емханамен қызмет көрсетуге жасалған шарттың көшірмесі;
5. Жабдықтаушының балаларды мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылдауды білім беру органдарының жолдамасы бойынша ғана жүзеге асыруы және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы ұстауға ата-аналар төлемінің мөлшерін Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңына сәйкес белгілеу туралы міндеттемесі. Жабдықтаушының еркін үлгідегі міндеттемелері.
Растайтын құжаттар:
1. Қызметтерді көрсетудің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 217 қаулысымен (бұдан әрі – санитариялық ережелер) бекітілген «Балаларды мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу нысандарына қойылатын санитариялық–эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерінің талаптарына сәйкестігі;
2. Материалдар және құрал-жабдықтармен жарақтандырудың санитариялық ережелері бойынша қажетті деңгейіне сәйкестігі;
3. Тәрбие және оқыту бағдарламаларының ҚР «Білім туралы» Заңының 4-бабының 24-тармағына сәйкес бекітілген мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестігі;
4. Мектепке дейінгі жеке білім беру ұйымдары тарапынан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындар саны бойынша ұсыныстар саны артқан жағдайда Комиссия жабдықтаушыларды конкурс негізінде іріктеп алады;
5. Жабдықтаушыларды конкурс арқылы іріктеу кезіндегі қосымша критерийлер:
1) жоғарғы және бірінші санаттағы тәрбиешілер үлесінің жалпы тәрбиешілер санының 10% кем болмауы.
2) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызметтерді көрсету тәжірибесінің болуы.
Өскемен қаласының білім беру бөлімі басшысы М.Ахметова