Қысқы Кіші Академия
11 сынып түлектерін қорытынды аттестаттау аясында «№ 16 Зәки Ахметов атындағы орта мектебі» КММ 2019 жылдың 3-4 қаңтар аралығында Қысқы Кіші Академия өтті.
А.М.Мускенова (№ 1 мек.), Қ. Т. Муратова (№ 16 мек.), Т. В. Сердобинцева (№ 38 гим.), Т. М. Никифорова (МЕН) сияқты қаланың тәжірибелі психологтары сабақты психологиялық тренинг өткізуден бастады.
«Кіші Академия» барысында пән бойынша қиын сұрақтарды талдаудың, есептер шығаруда тәсілдерді қолданудың тиімді жолдары туралы жаңа білім алды.
Сабақ үрдісінде түлектер топта жұмыс істей отырып, пән бойынша тест шешудің өзіне тән белгілерімен, математикалық сауаттылыққа байланысты логикалық есептерді шешудің әртүрлі тәсілдерімен танысты. Мұндай жұмыс түрлері оқушылардың өздері үшін ішкі бақылауға дайындық негізінде болашақта жұмыс істеулеріне жасаған қадамдары.
Жақсы алғысқа ие болған математика мұғалімдері: К.С. Толбаева (№ 3 мл.), О.Д. Штейнле (№ 15 мек.), С.А. Бикенова (№ 16 мек.), И.В. Парфенова (№ 30 жм.), физика мұғалімдері: А.А. Плеслова (№ 38 гим.), А.А. Муртазалиева (№ 43 мл.), химия мұғалімі: Б.М. Сейтказинова (№ 7 мек.), қазақ тілі мұғалімі: Х.Б. Ахметова (№ 1 мек.), ағылшын тілі мұғалімдері: Хазова Г. А. (№ 17 мек.), Мухаметрахимова Р. Ж. (№ 44 л.), биология мұғалімдері: А.Ш.Абильмажинова, Г.Т. Тимиралова (№ 3 мл.) және басқалар.
Оқушылар мен мұғалімдердің кездесулері барлық топтарда өте жайлы, достық қарым – қатынаста өтті. Оқушылар сұрақтар қойып, талқылауға қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылардың пікірлері бойынша бұл бағыттағы жұмысты ары қарай жалғастыру қажет.