Қалалық семинар
"Ой-ойна" ойын зертханасының жұмысы шеңберінде балалардың психологиялық ұдерістерін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру
2019 жылдың 4 қаңтарында Өскемен қаласы әкімі аппаратының "№ 47 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының меңгерушілері, әдіскерлері мен педагогтарына арналған "Ой-ойна" ойын зертханасының жұмысы шеңберінде "Лепа"әсерлі құмды және "Zephir "кинетикалық пластилинін пайдалану кезінде балалардың психологиялық үдерістерін дамыту, танымдық белсенділігін қалыптастыру" атты қалалық семинар өткізілді.
Семинарға " Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жалпы орта білім беру мен мектепке дейінгі ұйымдар секторының бас маманы А.К. Ережепова, мектепке дейінгі білім беру әдіскері Г.М.Кусаинова, Өскемен қаласының педагогикалық шеберлік орталығы филиалының жаттықтырушысы Е.А.Марченко қатысты.
Семинар қатысушыларының алдында "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" ММ жалпы орта білім беру мен мектепке дейінгі ұйымдар секторының бас маманы А. К. Ережепова құттықтау сөз сөйледі, ол Өскемен қаласының мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жұмыс жүйесі және ШҚО білім басқармасының "Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені" КММ-мен қаланың балабақшаларының ынтымақтастық жобасы туралы айтты.
Сонымен қатар ШҚО білім басқармасының "Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені" КММ директоры, педагогика ғылымдарының докторы Н.В.Ахаева сөз сөйледі, ол ШҚО ББ "ДБАВММК" КММ ғылыми-педагогикалық қызметінде әзірленген ғылыми білім беру модельдерімен таныстырды. ШҚО білім басқармасының "Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені" КММ ғылыми жетекшісі педагогика ғылымдарының докторы, профессор, педагогика ғылымдары Академиясының академигі Ахаев А.В. қатысушыларға университет педагогтарымен ынтымақтастық перспективаларды атап өтті. Ары қарай Өскемен қаласының педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренері Е.А. Марченко сөз сөйледі, ол мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұнына көшуінің негізгі кезеңдеріне тоқталды, мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына осы жылы өтетін біліктілікті арттыру курстары жөнінде айтты.
Сөз кезегі ШҚО ББ "Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені" КММ әдіскері Ю. В. Кутоваяға берілді. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың әсерлі құм мен кинетикалық пластилинді қолдану кезіндегі педагогтардың жұмыстарын ұсынды.
Шеберлік-сабақта семинарға қатысушыларға түрлі білім беру салаларында дидактикалық құралдар деректерін практикада қолдануды қарастыру мүмкіндігі берілді. ШҚО ББ "Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені" КММ педагогтары В.И. Жарликова, Г.П. Денисова, Г.К. Доненбаева қолдануға болатын ойындар мен практикалық жаттығулардың мысалдарын, сонымен қатар тәрбиеленушілермен жеке немесе қосымша жұмыстар өткізу туралы пікірлерін ұсынды.
Семинар соңында қорытынды жасалды. Семинарға қатысушылар құм мен кинетикалық пластилинды қолдану жөнінде өз әсерлерімен бөлісті, соңынан ынтымақтастық туралы тілек білдірді.