Мектепті цифрландыру мәселелері қаралды
2019 жылы 9 қаңтар күні Өскемен қаласы әкімдігінің "Крупская атындағы мектеп-интернат" КММ-де цифрландыру бойынша директорлардың орынбасарлары үшін "Қоғамды цифрлық трансформациялау контекстіндегі мектепті цифрландыру стратегиясы" атты қалалық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: мектеп кеңістігін цифрландыру мәселелері бойынша қала мектеп директорлары орынбасарларының кәсіби құзыреттілігін арттыру.
!с-шара мектеп - интернатының директоры А. Т. Джетыбаева алғыс сөзінен басталды.
Қалалық білім бөлімінің әдіскері Капчикова Н. Т. семинар тақырыбының өзектілігіне қатысушылардың назарын аударды. Ол орта білім беру жүйесін цифрландырудың негізгі бағыттары, Өскемен қаласының мектептерінде "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, проблемалар мен шешу жолдары туралы айтты.
Крупская атындағы мектеп-интернат және А. Байтұрсынов атындағы №20 ОМ директорларының орынбасарлары Г. И. Карабаева, Г. С. Турсынбаева мектепте цифрландыру жобаларын енгізу бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
"Заманауи педагогтың АКТ құзыреттілігі" тақырыбында "№37 орта мектеп" КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Е. С. Клименко баяндама жасады.
2018 жылдың қыркүйек айынан бастап қаланың 42 толық жинақты мектептерінде "Робототехника"элективті курсы енгізілді. Жобаны іске асыру жөнінде, «STEM-білім беру дегеніміз не?» туралы № 24 ОМ директорының цифрландыру жөніндегі орынбасары А. М. Құмарова баяндады.
Семинар барысында пікір алмасып, ұсыныстар жасалды.