«Біз бірге - мықтымыз» VI Қалалық слеті өтті
Өскемен қаласының «Жас Ұлан» Республикалық бірегей балалар-жасөспірімдер ұйымы Комитетінің өкілдері түрлі деңгейдегі байқаулардың жеңімпаздары болып табылады.
Жасұландықтар жыл сайын түрлі бағытта шаралар жүргізіп тұрады: сайлау Штаб, конференциялар, дөңгелек столдар, салтанатты арнаулар, фестивальдар, акциялар, жобалар, байқаулар және оқыту курстары, осы ұйымда 7 бағыт бойынша Көшбасшылар мектебі бар.
«Жас Ұлан» Республикалық бірегей балалар-жасөспірімдер ұйымын ұйымдастыру аясында инновациялық қызметін қолдау мақсатында 2018 жылдың 18 мамырында «Жас Ұлан» ББЖҰ РБҚ комитетінің «Біз бірге – мықтымыз!» қорытындылау VI қалалық мерейлі слеті болып өтті, онда Комитет атқарған жұмысы қорытындыланып, мектеп комитеттері қызметінің қорытындысы шығарылды.
Слетте құрметті қонақтар ретінде «Нұр Отан» партиясының Өскемен филиалы төрағасының орынбасары, қалалық мәслихат депутаты М.Ш.Екібасова, қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Д.С.Журавлев, «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» Жастар Қанатының Шығыс Қазақстан филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты Бақыт Маржан, «Қазақстанның жалпұлттық қозғалысы - 2050» бағдарламасының Шығыс Қазақстан облысы бойынша үйлестірушісі, қалалық мәслихат депутаты Ю.В.Миронова, Өскемен қаласы әкімдігінің Жастар қоры орталығының мамандығы, Е.О. Амренова, Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттік Департаментінің мамандығы А.К.Нуртаева қатысты.
«Жас Ұлан» ББЖҰ РБҚ қалалық комитетінің жұмысын қорытындылай келе жүлделі орындар анықталды. Мектеп комитеттері арасында жүргізілген рейтинге сәйкес, 1 орынды - №27 жалпы білім беру мектебінің комиттеті иеленді, 2 орынды - №1 және 20 орта мектептерінің комитеттері иеленді, 3 орын - №2 және 47 орта мектептерінің комитеттері иеленді.
Тәлімгерлер мен педагог-ұйымдастырушылар арасында жүргізілген рейтинг нәтижесінде 1 орын - №10 мектеп-гимназиясынан В.Н.Травников, 2 орын - № 34 мектеп-лицейінен Е.В.Звонцоваға, №18 орта мектептен И.Н.Гуловаға, Меновное ортам мектебінен Н.И.Петуховаға, 3 орын - №17 орта мектебінен РүДүИсраилов, №1 орта мектебінен М.М.Отарбаеваға, № 30 жалпы білім беру мектебінен Н.В.Карповаға берілді.
Сондай-ақ, «Мәңгілік Ел» тәрбиелеу – білім беру орталығының жұмыс қорытындысы бойынша «Жас Ұлан» ББЖҰ РБҚ мектеп комитеттері, ӨКТК, волонтер топтары марапатталды.
Көп жылдар бойы Комитеттің барлық шараларына белсенді қатысып, түрлі республикалық, облыстық, қалалық байқауларда абыройын қорғап жүрген мектеп бітірушілері: Томанова Зарина, Антропова Ксения, Арқынқызы Айым, Сейтқалиева Мейрамгүл, Мұратбекова Гүлнұр, Ешенов Азамат, Амангелді Олжастың жүрекке жылы сөздері ерекше әсерлі болды.
Осылайша, Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттік Департаментінің маманы А.К. Нуртаева, мектеп бітірушілерге ЖОО түсуге табыс тілеп, өмір және еңбек жолында адал жүруге, өз біліміне жүгіне отырып, жетістіктерге жетуге тілек білдірді.
Барлық жеңімпаздарға марапаттау қағаздары, мектеп бітірушілерге – құрмет дипломдары берілді.
Слетке қаланың 46 мектебінің өкілдері қатысты: кураторлар, ұланбасы және жасұландықтар, сондай ақ, шақырылған қонақтар. Жалпы қамту 250 адамды құрады.