«Бағалау бойынша тапсырмаларды әзірлеу алгоритмі» атты тарих пәні мұғалімдеріне арналған семинар
2019 жылдың 16 қаңтарында білім беру мазмұнын жаңарту аясында Өскемен қаласы әкімдігінің "№ 7 орта мектебі" КММ-де қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің семинар-практикумы өткізілді. Мақсаты - жаңартылған мазмұнды енгізу бойынша тарих мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету. Семинарға 5-8 сыныптарда сабақ беретін барлық қала мектептерінің тарих мұғалімдері қатысты.
Семинар модераторы қоғамдық пәндер бойынша қалалық әдістемелік кабинет әдіскері Мадиярова Ляззат Мауткановна болды.
Семинарда 5-8 сыныптардағы тарих сабағында бағалау тапсырмаларын әзірлеу және қолдану мәселелері қарастырылды. "Оқытуды бағалауға жаңа көзқарас" тақырыбы бойынша №36 ом тарих пәнінің мұғалімі, педагогикалық шеберлік орталығының жаттықтырушысы Г. Ж. Қайкубаева сөз сөйледі. Практикалық бөлімде №7 мектептің тарих пәні мұғалімі А. В. Барсукова және №43 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімдері Р. С. Чекетаева, А. Ж. Орамалова формативті және жиынтық тапсырмаларға критерийлер мен дескрипторларды құрастыру, сабақтарды моделдеу бойынша топтық жұмыс жүргізді. Пікір алмасу оқыту процесінің жаңашылдығы мен демократиялылығы деңгейін талқылауға мүмкіндік берді. Қатысушылар жыл бойы жұмыс барысында қаралатын сұрақтарына жауап алды.