Қалалық семинар «Ағылшын тілі сабағын оқытуда оқушылардың білім сапасын көтеру жолдары»
№3 мектеп-лицейінде 23 қаңтар күні «Ағылшын тілі сабағын оқытуда оқушылардың білім сапасын көтеру жолдары» тақырыбы бойынша қалалық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: ағылшын тілі пәнінде жаңа технологиялар арқылы оқыта отырып білім сапасын арттыру.
Мектеп директоры Акитбаев Есім Тұрысбекұлы қатысушыларға мектеп туралы мағлұмат беріп, семинардын сәтті өтуіне тілек білдірді. Калалық білім бөлімінің әдіскері Н. Капчикова семинардың маңыздылығы туралы айтып, сәттілік тіледі. Мектептің оқу ісі-меңгерушісі Г. Адикова мектептің ағылшын тілі мұғалімдерін таныстырып, ағылшын пәнінен оқушылардын жетістіктері туралы және білім сапасының көтерілуі туралы үш жылға арналған салыстырмалы мониторингке тоқталды. Ж. Батырханова және М. Момболова ағылшын тілінде білім сапасының көтерілу жолдары туралы теориялық мәлімет берді.
Семинарға қатысушылар К. Картаеваның, С. Караталованың, Г.Мамынованың ашық сабақтарына қатысты. Рефлексия кезінде мұғалімдер пікірлерін білдіріп, ашық сабақтар жоғары деңгейде өткені туралы айтты.
Қалалық білім бөлімі әдіскері Н.Капчикова өткен семинарға жоғары баға беріп, қорытындылады.