«Жеке тұлғаны жан – жақты дамытудағы тәрбиешінің іскерлігі» тақырыбында қалалық семинар
Өскемен қаласы әкімдігінің «А.Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ – нің «Жауқазын» шағын орталығында 23.01.2019 жылы «Жеке тұлғаны жан – жақты дамытудағы тәрбиешінің іскерлігі» тақырыбында шағын орталық және балабақша тәрбиешілеріне арналған қалалық семинар ұйымдастырылды.
Мақсаты: тәрбиеленушілердің тіл мәдениетін жетілдіріп, өз ана тілінде анық сөйлеуге тәрбиелеу, тәрбиешілердің кәсіби құзіреттілігін дамыту, тәрбие мен білім сапасында әріптестермен тәжірибе алмасу.
Тәрбиешілер Н. Жумагулова, Т. Кабдешова орыс тілі мұғалімі А. Ахметкаримова және дене шынықтыру нұсқаушысы Т.Қытанов ашық ұйымдастырылған оқу іс – әрекетін өткізді. Балалардың өнерінен тамаша әсер алған семинарларға қатысушылар семинар туралы өз пікірлерін ортаға салып, жақсы тілектер білдірді. Қалалаық оқу бөлімінің әдіскері Г.Кусайынова семинардағы теориялық және практикалық материал жоғары әдістемелік деңгейде өткізілді деп баға берді. Барлық педагогтар мен тәрбиешілердің жұмыстарын журналға жариялауға ұсыныс жасады. Психолог Ш.Ракыметова «Біз біргеміз, берік іргеміз» тақырыбында қарым – қатынасқа байланысты психологиялық тренингөткізді.
Семинар соңында әдіскер Д.К.Шарипказина қорытынды жасап, келген қонақтарға алғыс айтты.