«Шығыс Балдырған» балабақшасында мейірімділік апталығы өтті
Мектепке дейінгі жастағы балалардың жеке басының рухани-адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін жағдай жасау мақсатында 21-25 қаңтар аралығында «Шығыс Балдырған» балабақшасында мейірімділік апталығы өтті. Мейірімділік апталығы аясында барлық жастағы топтарда іс-шаралар өткізілді. «Балапан» тобының ата-аналары, тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері қардан аққала жасады. Балабақшаның балалары «Мейірімді дәрігер - Айболит» сияқты рөлдік ойындар ойнады, бір-біріне көмектесіп, адами жақсы қасиеттерді үйренді. Ата-аналар құстар үшін үйшіктер дайындауға белсене қатысты. «Күншуақ» тобы «Қасқыр және жеті лағы» ертегісін жаңа үлгімен көрсетті. Осындай шаралардың жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызы зор.