Дөңгелек үстел: Қала жастары және жастар саясаты: жастардың бастамаларын дамыту және өсу мүмкіндіктері
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Н.А. Назарбаевтың жолдауын түсіндіру.
2019 ж. 31 қаңтарда сағат 16.00 Оқушылар шығармашылық сарайында «Қала жастары және жастар саясаты: жастардың бастамаларын дамыту және өсу мүмкіндіктері. Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» негізгі қағидасын «Жас Ұлан» балалар мектеп қозғалысының қатысуымен түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі .
Ұйымдастырушылар: «ШҚО Өскемен қаласы Білім беру бөлімі» ММ, «Оқушылар шығармашылық сарайы» КМҚК.
Мақсаты Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» негізгі қағидасын талқылау, жастар жылына арналған, іс-шара өткізу аясында.
Дөңгелек үстелде «Жас Ұлан» балалар мектеп қозғалысы көшбасшылары, 7-11 сыныптардың оқушылары қатысады. Талқылау қатысушыларды жаңа Жолдаудың алғышарттары және оның негізгі қағидасын таныстырумен басталады. ҚР Президентінің жолдауы бойынша бейнефильмді көргеннен кейін іс-шараға қатысушылар Президент тапсырмасын орындау кезінде қала мектептерінің рөл және өз қаласының әл-ауқатын жақсарту туралы пікірталас өткізеді. Барлық қатысушыларға Жолдауының негізгі тезистерімен ақпараттық парақшалар ұсынылатын болады.