5 сынып оқушыларының арасында қазақ тілі пәнінен өткен қалалық олимпиада
Өскемен қаласы білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес 2019 жылдың 23 қаңтарында Өскемен қаласының «№ 10 мектеп-гимназиясы» КММ орыс және аралас мектептердің 5 сынып оқушыларының арасында қазақ тілі пәнінен олимпиада өтті.
Олимпиаданың мақсаты: 5-сыныпта білім алушылардың А2 игерімін меңгеру дәрежесін анықтау.
Оқушылар 5 тілдік дағды бойынша: тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым, тілдесім өз білімдерін ортаға салды. Барлығы 29 оқушы қатысты. 20 оқушы (68,96 %) жүлделі орынға ие болды.
Жүлдегерлер қалалық білім беру бөлімінің мадақтамасымен марапатталды.