"Зерде" республикалық байқауының қорытындысы
2 ақпан күні республикалық "Зерде" зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауының қатысушылары туған қаласына жеңіспен оралды. Байқаудың қорытынды кезеңі 2019 жылғы 30 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Ақмола облысы Щучинск қаласындағы "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында өтті. Шығыс Қазақстан облысының атынан 28 оқушы қатысты (23 жоба ұсынылды). Жас зерттеушілер өздерінің қызықты және бірегей тақырыптары бар шығармашылық жобаларын ұсынды. ШҚО құрамасына Өскемен қаласы мектептерінің оқушылары да кірді. Байқау нәтижесі бойынша біздің оқушыларымыз 2-бірінші, 1-екінші және 1-үшінші орынды иеленді.
I дәрежелі дипломмен "Нұрорда" мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы Қаби Исламнұр және № 47 орта мектебінің 1 сынып оқушысы Сайлаубекова Іңкәр марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломмен "Нұрорда" мектеп – лицейінің 3 сынып оқушысы Қаби Бибіханым марапатталды.
III дәрежелі дипломмен Қ Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы Советханов Мақсат марапатталды.
Жүлдегерлер мен олардың жетекшілерін жеңісімен құттықтаймыз!