Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Bilimland» білім беру порталының ЦБР-ын білім беру мекемелерінің пайдалану тиімділігін арттыру» атты семинар

«М.Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» КММ-де 2019 жылдың 1 ақпанында «Bilimland» білім беру порталының ЦБР-ын білім беру мекемелерінің пайдалану тиімділігін арттыру» атты қалалық семинар өткізілді.  

Семинардың мақсаты: оқу үрдісін цифрландыруда мұғалімнің тәжірибесін жетілдіру.

Семинарға қала мектептерінің директор орынбасарлары мен информатика пәнінің мұғалімдері қатысты.

«Bilimland» цифрландырылған білім беру порталын қолдану бойынша мектеп мұғалімдерінің тәжірибелері ұсынылып, дүниежүзі тарихы, ағылшын тілі, информатика пәндерінің мұғалімдері шеберлік сыныптарын өткізді.  Сонымен қатар, «Зеленая лампа» атты мектеп мұғалімдерінің шығармашылық топтарының сайты көрсетілді.    Іс-шараның өткізілуіне келген мұғалімдер тарапынан оң баға берілді.