Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қалалық семинар – практикумы «Тәрбиелеу-білім беру процесінің жүйесін, оның мазмұнын жаңартуға байланысты қалыптастыру»

31 қаңтар 2019 жылы Өскемен қаласы әкімдігінің  № 4 "Сәулетай" балабақша-бөбекжайы " КМҚК-да Қалалық білім беру бөлімінің әдістемелік қызметінің басшылығымен мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына арналған семинар-практикум өткізілді. Тақырыбы: «Тәрбиелеу-білім беру процесінің жүйесін, оның мазмұнын жаңартуға байланысты қалыптастыру». Семинарды № 4 "Сәулетай" балабақша-бөбекжайының директоры Шемелина М. Г., әдіскерлері Рыбина Т. Б., Алгазина Л. М. және педагогтары өткізді. Семинарға балабақша мен шағын орталықтардың директорлары, әдіскерлері мен педагогтары қатысты.

Семинардың мақсаты: Инновациялық қызмет үдерісінде педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін тұлғалық-бағдарлы білім беру ортасын құру.

Міндеттері:

- педагогтардың педагогикалық қызметте инновациялық технологияларды тиімді ұйымдастыруға ұмтылысын жасау үшін шығармашылық ортасын құру;

- инновациялық технологияларды енгізу бойынша педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру;

- тәрбиелеу-білім беру процесінің мазмұнын жаңартуға бағытталған жаңалықтарды игеру мен қолдануға оң көзқарасты жандандыру.