Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Махамбет оқулары - 2019

Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 18 орта мектебі» КММ-де 25 қаңтар 2019 жылы қалалық «Махамбет оқулары» байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: мектеп оқушылары арасында Махамбеттің ерлігін насихаттау, Махамбеттің әдеби мұраларына тағзым ету.

Байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезең бойынша «Мен - Өтемістің баласы Махамбет атты батырмын!» - 6 сынып оқушылары Махамбет өлеңдерін жатқа оқыды. Ал, «Мен- мен едім, мен едім»  екінші кезеңі бойынша жас ақындар(7 сынып) өлеңдерін шығарса, үшінші «Тартынбай сөйлер асылмын...» кезеңі бойынша 8 сынып оқушылары ой толғау жазды.

Сайысқа қала мектептерінің 56 оқушысы қатысты.  Сайыс жүлдегерлері қалалық білім бөлімінің арнайы мадақтама, алғыс хаттарымен марапатталады.  

Байқаудың нәтижесі бойынша, Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 45 орта мектебі» КММ « Бас жүлдені» жеңіп алды.