«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы оқу мен оқыту үдерісінде»
2019 жылдың 5 ақпан күні №46 орта мектебінде «Шеберлік сыныптар шеруі: «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы оқу мен оқыту үдерісінде» тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинарға қала мектептерінің цифраландыру бойынша директорлардың орынбасарлары қатысты. Іс - шара барысында №46 орта мектебінің ұстаздары шеберлік сыныптар өткізіп, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асырудағы іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар соңында қатысушылар мектептің «Балдәурен» медиа ұйымына өз ойларымен бөлісіп, сұхбат берді. Семинар жоғары деңгейде өтті, жасалып жатқан жұмыс нәтижелері нақты, жүйелі түрде ұйымдастырылып көрсетілді.