«Көптілділікке білім берудің жаңа курсы» атты диалогтық алаңы
«Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ-де «Көптілділікке білім берудің жаңа курсы» диалогтық алаңы атты қалалық семинары 2019 жылдың 30 қаңтарында өткізілді.
Семинарға қалалық білім бөлімінің әдіскері Н. Капчикова және қала мектептерінің физика және информатика пәндерінің мұғалімдері қатысты. Ұйымдастыру кезеңінде мектеп директоры Ж. Шаянбаева алғы сөз сөйледі және мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Г. Калимолдина «Үш тілде білім берудің маңыздылығы" атты баяндама оқыды.
Одан кейін келген қонақтар физика және информатикадан ашық сабақтарға қатысып, тәжірибе алмасты. Семинар барысында 9-сыныпта информатика пәні мұғалімі Г.Абсеитова, 7-сыныпта педагог –модератор Н. Иляшова, 8-сыныпта информатика пәні мұғалімі Ж. Нашинова ағылшын тілінде сабақтар жүргізді.
«Көптілділік-жаңа заманда білім берудің басым бағытының бірі» атты коучингті информатика пәні мұғалімі А. Бажыкова жүргізді.
Семинар соңында қонақтар жүргізілген жұмыстарға кері байланыстар берді. Өткізілген жұмыстардың тиімді, шынайы болғандығын, алдағы уақытта өз жұмыстарынан көрініс табатындарын айтып, бір-біріне келешек жұмыстарына шығармашылық табыс тілеп, мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.