Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Таланттар шоқжұлдызы» байқауының финалы

9 ақпан күні  Металлургтер Мәдениет сарайында «Таланттар шоқжұлдызы» қалалық байқауының финалы өтті.

Байқаудың мақсаты: дарынды орындаушыларды  анықтау және қолдау, оларды шығармашылық белсенділікке ынталандыру.

Қатысушылар өз әлеуетін ашты. Байқау қонақтар мен көрермендерге көптеген жарқын эмоциялар берді.

Байқау қорытындысы бойынша:

1 орынды Асылбек Аяужан (44 лицей), Кулясова Арина (№12 ом) жеңіп алды. 2 орынға Максутова Жасмин (№19 ҚББМО), Мухтарова Аянат (№23 ом) ие болды. 3 орынды Паюк Анастасия (№38 гимназиясы), Мубаракова Надира (№1 БММ) иеленді. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар сертификаттар мен сыйлықтармен марапатталды.

Құттықтаймыз және оқушыларға бұдан әрі жетістік пен жеңістер тілейміз!