Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған тұрғындарды қолдау мақсатында акцияларға қатысу туралы

Жыл сайын Өскемен қаласының білім беру ұйымдары әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған тұрғындарды қолдау мақсатында түрлі акцияларға қатысады.

2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында ата-аналар қоғамдастығы мен мектептерінің педагогтары көп балалы, аз қамтылған және тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік, көмір, отын және басқа да қажетті заттарға көмектесті. Осы жанұялардың 4209 балаларына 12 295,602 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, қаланың барлық мектептері сәбилер үйінің, балалар үйінің, Үлбі орталығының, Крупская атындағы интернаттың тәрбиеленуші балаларына  үнемі әлеуметтік  көмек көрсетуге қатысады. Өмірлік отбасылық қиын жағдайға тап болған жанұяларға көмек көрсету жұмыстары жалғастырылады.