Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Республикаға танымал айтыскер ақындармен кездесу

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында республикаға танымал айтыскер ақындар, Шығыстың қос шынары атанған Айнұр Тұрсынбаева мен Сара Тоқтамысова Зәки Ахметов атындағы №16 орта мектебінің оқушыларымен  кездесуі болды.

Кездесу барысында суырыпсалмалық өнердің саңлақтары мен мектеп шәкірттері арасында шынайы сұхбат жүріп, оқушыларды қызықтырған   сұрақтарына жауаптар берілді.

Қалалық  оқушылар арасындағы айтыстың жүлдегері, мектеп оқушысы Есенболұлы Досымжан  жерлес ақындарға жүрек жарды  арнауын  айтып, көпшілік көңілінен шықты.

Ақын Сара Тоқтамысова шәкірттерге алғысын арнау өлеңмен жеткізсе, Айнұр Тұрсынбаева ризашылық сезімдерін жыр шумақтарымен білдірді. Өскемен қаласы білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Жанат Айтпаева алғыс айтып, қос ақынға шығармашылық табыстар тіледі.