Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

"Алтай" стадионында спорттық эстафета өткізілді

"Журектен-Журекке" акциясы аясында 12 ақпан күні "Алтай" стадионында № 42 орта мектеп оқушылары мен "Үміт" балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін спорттық эстафета өткізілді. Балалар конькимен сырғанап, ойнады, өзара жарысты. Жеңімпаздар кубоктармен марапатталды. Стадион қызметкерлері мен БЖСМ-нің директоры балаларға дастархан жайып, тәтті тағамдар мен ыстық шай берді. Балалар керемет әсер алып, жағымды эмоциялармен қуат алды.