«Ел ертеңі-бүгіннен басталады» атты ашық есік күні
Өскемен қаласы әкімдігінің «№18 «Еркетай» балабақша-бөбекжайы» КМҚК 2019 жылдың 20-шы ақпанында «Ел ертеңі-бүгіннен басталады» атты ашық есік күні ұйымдастырылды.
Ашық есік күні жер бетіндегі таңғажайып «Сәбіз», «Дельфин», «Жүрек», «Смайлик», «Қырандар» аралдарына саяхат желісінде өтті. Арал тұрғындары (тәрбиеленушілер) қонақтарды жылы жүзбен қарсы алып, өз білім, өнерлерін паш етті.
Қонақтар музыка жетекшісі Жайнагуль Кашейдің жетекшілігімен «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» атты мюзиклін тамашалады.
Іс-шара соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, балабақша ұжымына алғыстарын білдірді.