Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Рухани жаңғыру – рухты жастар» КТК қалалық чемпионаты «Алғыс айту» фестивалі өтті

2019 жылдың 28 ақпанында Оқушылар шығармашылық сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Өскемен қаласының «Жас ұлан» ББЖҰ РҚБ қалалық комитетінің кубогына «Рухани жаңғыру – рухты жастар» КТК қалалық чемпионатын өтті.

Бұл сайыс алғаш рет өтті, бірақ бұған қарамастан қала мектептерінің 15 командасы белсенді қатысты. Барлық командалар көрерменді оңай жандандырды, ойынға үлкен қызығушылық тудырды.

Фестиваль үш турда өткізілді. Бірінші кезең: 5-10 сынып КТК командаларының қатысуымен мектепішілік КВН фестивалі, ұйымдастырушылар-Өскемен қаласы мектептерінің комитеттері. Үздік нәтиже көрсеткендер "Алғыс айту" қалалық фестивалінің екінші турына өтті.  

Фестивальдің екінші туры бір "Сәлемдесу" кезеңнен тұрды. Онда командалар ризашылық күніне арналған "Алғыс айту" тақырыбын ашты.   

Байқау қорытындысы бойынша І орынды № 44 мектеп-лицейінің "Жастар" командасы иеленді, I орынды № 45 бейіндік мектебі "Чемпиондар" командасы, II орынды № 46 орта мектебі "Күльпатиха" командасы, II орынды № 3 мектеп-лицей "Ретро FM" командасы, III орынды № 33 орта мектебі "Плагиат емес" командасы, III орынды №26 орта мектебі "Number 26" командасы, III орынды №39 орта мектебі "Незабудка" командасы, III орынды №47 орта мектебі "Кульминация" командасы иеленді.

Қатысушылар саны: 350 адам.