Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту МЕМСТ-ға сәйкес тәрбиеленушілер отбасыларымен ынтымақтастықтың қазіргі түрлері» семинары 

6 наурызда «№36 орта мектебі» КММ «Күншуак» мектепке дейінгі шағын орталықта қала шағын орталықтарының жас тәрбиешілері қатысқан «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту МЕМСТ-ға сәйкес тәрбиеленушілер отбасыларымен ынтымақтастықтың қазіргі түрлері» атты қалалық семинары өтті.

Мектеп директоры Шостко Л.И. құттықтау сөз айтты. Ол семинар қатысушыларымен амандасып, жұыс жоспарымен танысты және тілек сөздер айтты.

Дене шынықтыру бойынша нұсқаушы Семирекова М.Л. ата-аналардың қатысуымен «Crazy Frog» флэшмобын ұсынды. Қатысушылар эмоциялық шабыт алды, ал балалар  өз ата-аналары үшін мақтаныш етті.

Шағын орталық әдіскері   Осьмушина О.В.  қатысушыларды семинар тақырыбымен таныстырып, ата-аналармен жұмыстағы маңызды мәселелердің бірі «....өзара түсіністік, өзара сыйластық, мүдделер ортақтығын құру» екенін атап өтті.  Ольга Владимировна ата-аналарды педагогикалық қызметтің инновациялық түрлері мен әдістерін қолдану арқылы бірлескен әрекетке қатыстыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Қатысушылар пікірмен алмасып, ашық диалог қызықты және құрылымды болды. Барлығы балаларды тәрбиелеу мен дамыту проблемаларын тек отбасымен тығыз қарым-қатынаста, педагогтар мен ата-аналардың бірлігі мен ұйымшылдығы кезінде табысты шешу екеніне қорытынды жасады.

МДШО жоғары біліктілік деңгейдегі бірінші санатты тәрбиешісі Котова О.В.  «Отбасы – бақыт тірегі» ҰОӘ ұсынды.  

Балалар ұсынған жобалар белсенді және қызықты өтті, ата-аналар олардың белсенді қатысушылары болды.

Семинардың қорытынды кезеңінде МДШО психологы Ларионова Ю.В

қатысушылармен «Отбасыда баламен даусыз тілдесу» тренингін өткізді.  

Семинарлық сабақ нәтижесін рефлексивтік бағалау кезеңінде белсенділік, практикалық бағыттылық, іс-шараны үздік ұйымдастыру атап өтілді.