"Сөз және мәтін" атты қалалық лингвистикалық сайысы
№ 34 мектеп-лицеінде "Сөз және мәтін"атты қалалық лингвистикалық сайысы өткізу дәстүрге айналған. Сегізінші жыл қатарынан қала мектептерінің жоғары сынып оқушылары үш тілде ойлау, сөйлеу және жазу білімдерімен сайысқа түсуде. Жоғары сынып оқушылары филологиялық сауаттылық пен тілдік құзыреттіліктің жақсы деңгейін, сондай-ақ байқаудың әр түрлі тілдік кезеңдерінде өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.
Сайыс 3 кезеңде өтті:
1 кезең-берілген тақырып бойынша эссе жазу (орыс тілінде).
2 кезең-диалогтық қарым-қатынас (ағылшын тілінде).
3 кезең-Жастар жылына арналған бейнероликті дыбыстандыру және оны қазылар алқасына ұсыну(қазақ тілінде).
Әділ қазылар алқасы ШҚМУ оқытушылары, Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының мамандары болды.Олар оқушылардың білімі мен іскерлігін бағалау критерийлері арқылы анықтады.
Іс-шараның қорытындысы: жеке кезеңге қатысушыларға және үздік командаларға шығармашылық табыс тілей отырып, марапаттады.
Іс-шара соңында "Сөз және мәтін" атты қалалық лингвистикалық сайысты өткізу дәстүрге айналсын деген сенім тек нығая түсті.